ДДСҰ Еуропа елдерін коронавирус инфекциясымен күресте қырағылық танытуға шақырады

ДДСҰ Еуропа елдерін коронавирус инфекциясымен күресте қырағылық танытуға шақырады
  • 1670
  • 17.04.2020, 13:15

Коронавирустың Германия, Италия, Испания, Франция және Швейцарияда анықталу жағдайларының төмендеуіне қарамастан, ауру Беларусьте, Ұлыбритания, Ресей, Түркия және Украинада тез таралып жатыр.

ДДСҰ өңірлік бюросының басшысы: «Оңай жеңіс болмайды», – деп ескертті. Ханс Клюгге мүлтіксіз сақтау керек шарттарды атады:

  • Денсаулық сақтау жүйесі қауіп тобындағы адамдарды анықтау, оқшаулап, тест алуы керек;
  • Қарттар үйлерінде, психикалық ауруларға арналған мекемелерде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда вирустың таралу қаупін барынша азайту қажет;
  • Жұмыс орындарында вирустың алдын алу үшін жағдай жасау, айналадағы адамдардан өзін алыс ұстау, қол жуу және басқа да гигиена шараларын сақтау қажет;
  • Барлық елге, әсіресе шектеулерді алып тастап, коронавируспен күрестің жаңа кезеңіне өтіп жатқан мемлекеттердің тәжірибесіне қарау ұсынылады.