Илон Маск миллиардерлер рейтингінде жетінші орынды иеленді

Осылайша ол «Беркшир Хатауэй» инвестициялық қорының басшысы Уоррен Баффетті басып озды. Агенттіктің мәліметіне сәйкес, Tesla компаниясының акциялары 11% өсуіне байланысты Илон Масктың табысы 6,1 млрд долларға ұлғайған. Қазір оның байлығы 70,5 миллиард долларға бағаланып отыр. Компания акцияларының бестен бір бөлігі Илон Маскқа тиесілі.