Референдум-2022: Түркияда 3 сайлау учаскесі ашылады

  • 1505
  • 27.05.2022, 19:28

Олар Анкара, Ыстамбұл және Анталия қалаларында орналасқан. Онда қазақстандық студенттер, дипломатиялық миссия өкілдері мен туристер дауыс бере алады.

Елшіліктің мәліметінше, қазір Түркияда 3 мыңдай отандасымыз білім алып жүр.

Асан Мәжітов, сайлау учаскесі комиссия төрағасының орынбасары:

- Референдумға Түркияда тұратын және туристік немесе қызметтік мақсатпен жүрген азаматтарымыз қатыса алады. Өз тарапымыздан Қазақстан азаматтарын ең жақын сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз.