Киттер қылығымен таңқалдырды
Спортшылар Монте-Эрмосо қаласының маңындағы жағалауда тақтайларымен жүзіп жүрген. Сол сәтте олар 12-ге жуық алып сүтқоректілерді көрген. Бірақ теңіз жануарлары жақын келсе де, тиіспек түгілі тіпті шошитындай қылық көрсетпеген. Ер адамдардың сөзінше, киттер оларды 1 сағаттай айналып жүріпті. Дегенмен ерекше құбылыстың куәгерлері алып жануарлардың ойынын тамашалап, еш қорықпаған.
Осылайша спортшылар қызықты кадрларын әлеуметтік желіге жүктеп, оқырмандарымен бөлісуді жөн көріпті.