Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмектің кезекті легін жіберді

  • 1303
  • 14.02.2023, 18:40

Арнайы борт Алеппо қаласына қысқы шатырларды, төсек-орын жабдықтарын және басқа да қажетті заттарды жеткізді. Шам еліне гуманитарлық көмек 4 рейспен жөнелтілмек. Бұл — үшінші рейс. Тағы бір легі жоспарланып отыр. Жүктің жалпы көлемі — 50 тонна. Сирияға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде үкіметке тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын. Соңғы мәлімет бойынша Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 6 мыңға жуықтады.