Түркия және Сириядағы зілзаланың салдарын жоюға атсалысқан құтқарушылар марапатталды

  • 1382
  • 24.02.2023, 18:25

Түркия және Сириядағы зілзаланың салдарын жоюға ат салысқан құтқарушылар мен дәрігерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Президент Жарлығымен қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы үшін 5 құтқарушыға екінші дәрежелі «Айбын» ордені мен «Құрмет» ордені тағылса, Төтенше жағдайлар министрлігінің 8 маманы «Ерлігі үшін» медаліне лайық деп танылды. Ал 3 ұшқыш «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар тағы 113 қызметкерге Президенттің Алғыс хаты мен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы берілді.