Ресей газы Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдануы мүмкін

  • 1094
  • 16.05.2023, 18:27

Қазақстан Ресей газын өз аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдауы мүмкін. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың сөзінше, қазір келіссөз жүріп жатыр. Сондай-ақ ол Ресейден Қазақстан арқылы Қытайға газ құбырын тарту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Құбыр еліміздің солтүстік аумағы арқылы өтеді.