Өйткені жасөспірімдер арасында өзіне қол жұмсау жиілеп кетті. Жақында Сеулдің Каннам ауданында студент әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен. Осы оқиғадан кейін тағы 3 жасөспірім биіктен құлап қайтыс болды. Әзірге мұны тиятын заң жоқ. Бірақ өлімге итермелейтін ақпарат таратқандар 2 жылға сотталуы немесе 15 мың доллар айыппұл төлеуі мүмкін. Қазір Парламентте әлеуметтік желі қолданушыларының жұмысын реттейтін ережелер қызу талқыланып жатыр. Онлайн-платформалардың операторлары әлеуметтік желілерде жарияланған қауіпті контентті дереу жоюға міндеттелуі мүмкін. Сондай-ақ мектеп оқушыларының көру қабілеті нашар. Кей мәліметтерге сай, оңтүстіккореялық балалар көп уақытын ұялы телефон мен планшет қарауға жұмсайды.
Ким Чоль Ву, офтальмология ауруханасы директорының орынбасары:
-Балалардың компьютер, планшет-телефон ұстауына шектеу қою маңызды. Мысалы, 1 сағат онлайн сабақтан кейін 5-10 минут үзіліс жасау керек. Екіншіден, балалардың таза ауада демалу уақытын көбейтіп, күн астында көбірек серуендету қажет. Зиянды азайту үшін экранды балалардан алыс қою керек.