Санта-Клаустың бейіті Анталияда болуы мүмкін

  • 2471
  • 10.12.2024, 19:59

Санта-Клаустың бейіті Анталияда болуы мүмкін. Демре ауданында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар әулие Николайдың жерленген орнын анықтау барысында саркофагқа қол жеткізген. IV ғасырда өмір сүрген ол - Ликиядағы Мира қаласының архиепископы болған христиан әулиелерінің бірі. Оны балалардың қорғаушысы ретінде құрметтеп, Санта-Клаус бейнесімен байланыстырған. Табылған саркофаг әктастан жасалған, ұзындығы шамамен екі метр және жерден екі метр тереңдікте орналасқан.