Зеленский биліктен кетуге дайын
Дональд Трамп Украинада президент сайлауын өткізуді талап еткен еді. Бірақ бұл елдің конституциясына сәйкес әскери жағдай кезінде сайлау өтпейді. Десе де, Владимир Зеленский қантөгісті тоқтату үшін қызметінен кетуге дайын екендігін айтты.
Владимир Зеленский, Украина президенті :
-Бейбітшілікке жету үшін қызметімнен кетуім қажет болса, мен дайынмын. Оны НАТО-ға мүшелікке айырбастай аламын, егер осындай шарт болса. Бірақ қазір бұл туралы ұзақ айтқым келмейді. Мен Украинаның 20 жылдан кейінгі емес, бүгінгі қауіпсіздігін ойлап жатырмын. Билікте ондаған жылдар бойы болмаймын.