Шектеуді Америка тарап енгізген. Ол Қазақстаннан бөлек, көптеген елден келетін халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қолданылады. Қазіргі таңда Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің тек бесеуі ғана АҚШ-қа тауары бар сәлемдеме жібере алады. Дегенмен хаттар мен құжаттарды жіберу қалыпты түрде жалғасады.
Бағдат Әділов, «Қазпошта» АҚ халықаралық бизнесті операциялық қолдау департаментінің директоры: -Ережелерін өзгеріп отыр. Мысалы, 800 долларға дейін тегін жеткізіліп отырған болса, қазір ішінде заттары бар товарный вложение дейміз ғой, солардың бәріне олар салық салмақшы. Сол үшін ол салықты Америка Құрама Штаттарына жеткенде алмай, оны алдын ала алып, соған рұқсат аламыз дейміз ғой, рұқсат алғаннан кейін ғана жібере аламыз.