Енді Түркі мемлекеттері төтенше жағдайларда бірлесе әрекет етеді. Бүгін Сенат отырысында тиісті келісім мақұлданды. Азаматтық қорғау тетігін дамытатын Түркі мемлекеттерінің халықаралық ұйымы құрылады. Оның жеке бюджетінде тараптардың қаржылық міндеттемелері бекітіледі. Яғни әр ел үшін жыл сайынғы төлем 50 мың доллар болып белгіленеді. Бұл құжат белгілі бір елдің апатты жағдай кезінде халықтың қауіпсізідігін қамтуға, өзара медициналық және гуманитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Ал қажетті шешімдерді түркі мемелекеттері бірлесіп қабылданады.