Хабар телеарнасы

Мавритания – жаңа түрдегі коронавирус инфекциясын жеңгені туралы жариялаған алғашқы ел

Мавритания – жаңа түрдегі коронавирус инфекциясын жеңгені туралы жариялаған алғашқы ел

Жалпы бұл елде қауіпті вируспен 17 адам ауырып шығып, бір адам көз жұмған.

Мавританияда 13 наурызда коронавирус алғашқы адамнан анықталғаннан кейін вируспен күрестің стандарттық шаралары қабылданды. Атап айтсақ, шекаралар жабылып, барлық жиынды өткізуге тыйым салынды, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жабылды. Бұған қоса түнгі коменданттық сағат жарияланып, қалааралық тасымалдарға тыйым салынды.

Ақпарат көзі: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы