Ертеңнен бастап күн қайта суытады.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, антициклонның әсерінен алдағы 3 күнде найзағай ойнап, бұршақ пен жаңбыр жаууы мүмкін. Тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді.
29-30 сәуір күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облысында, ал 30-сәуір мен 1-мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы 0 градустан төмендейді. Күн суытып, үсік жүруі мүмкін өңір тұрғындарына қажетті сақтық шараларын назарда ұстаған ләзім.