Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болып, күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.
Маңғыстау облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.