Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашын болады

Республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашын болады
  • 1842
  • 13.04.2017, 06:00

Республиканың оңтүстік жартысында найзағай жарқырап, бұршақ түсуі мүмкін. Кей жерлерінде жел күшейіп,  тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей кезде 30 м/с дейін артады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.