Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініштер қабылданып жатыр

Тестілеу электронды форматта 1-15 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі, деп жазды ҚР Білім және ғылым минситрлігінің Telegram арнасы. Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16-20 тамыз аралығында қабылданады.
3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштер қабылданады. Докторантураға түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өткізіледі. Өтініштерді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы ЖОО қабылдау комиссиялары қабылдайды.