Атырау облысында алтын әшекейлі адамның мүрдесі табылды

  • 3253
  • 02.10.2023, 18:11

Атырау облысында 2,5 мың жыл бұрын жерленген алтын әшекейлі адамның мүрдесі табылды. Биыл Қарабау ауылының маңайындағы екі көне қорғанда қазба жұмыстары жүргізілген. Ол жерден қыш құмыралар, алтыннан жасалған сырға-білезіктер және жүздеген жебе мен темір қазандар табылды. Мамандар: «Бұл жәдігерлерді біздің дәуірімізге дейінгі 4-5 ғасырларда өмір сүрген сарматтар тайпасына тиесілі»,- деп топшылап отыр.

Ауыл маңайында әлі зерттелмеген 4-5 қорған бар. Қазба жұмыстары келесі жылдары да жалғасады. Ал табылған бұйымдар археология институтына зерттеуге жіберіледі.

Ғаламат Базарбаев, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері:
- Бұл қорғандардың ерекшелігі — тек қана орталық бөліктері тоналып, жерлеу орындарына тонаушылардың көзі түспеген. Соған байланысты көптеген жәдігерлер жинап отырмыз. Бұл жерде толық зерттелмеген «Сарматтардың күн храмы» деген ғибатаханамыз бар. Осы жерден 1 км жерде орналасқан. Соны зерттеу мақсатында айналасындағы қорғандардан бастап отырмыз.