Қазақстандық оқушылар Үндістандағы Робототехника чемпионатында топ жарды

  • 1944
  • 30.01.2024, 18:28

Қазақстандық оқушылар Үндістанда өткен Робототехника чемпионатында 6 жоғары марапатқа ие болды. Әлемдік сайыста Екібастұз, Құлсары, Алматы мен Астана қалаларының оқушылары өз жобаларын ұсынып, ел намысын қорғады. Алдағы ақпан айында Астанада өтетін Орталық Азия ойындарына Үндістан мен Шри-Ланкадан бірнеше команда қатысатынын растады.