Қайтарылған активтер: Жетісу облысында жаңа мектеп салынады
Елімізге қайтарылған активтер есебінен Жетісу облысындағы Көксай ауылында жаңа мектеп салынатын болды. Бұл үшін Үкімет арнайы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңге бөлді. Қазір елді мекенде жалғыз білім ұясы жұмыс істеп тұр, онда екі ауысымда 53 бала оқиды. Мектепте спорт және Мәжіліс залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. Ал жаңа нысан 60 орынға арналады. Қазір ауылда 7 жасқа толмаған 28 бала тұрады.
Бақыт Ешмұханбетқызы, Көксай ауылының тұрғыны:
-Ауыл көркейіп жатыр. Жол салынды, газ құбырлары жүргзілді, амбулатория салынды. Енді жетіспей тұрғаны бізге сол жақсы қазіргі талабына сай мектеп. Өте қуаныштымыз. Көптен күткен біздің осы арманымыз.