Қазақстандық ғалымдар ғылыми жобаларды Нидерландтық әріптестерімен бірлесіп әзірлейді. Арнайы меморандумға да қол қойылды. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен нидерландтық Грөән Пәкт ұйымы арасында келісім орнады. Осылайша аграрлық және азық-түлікке қатысты академиялық ақпарат алмасу жетілдіріліп, оқу бағдарламасы дайындалады. Университетті аралаған меймандарға қазақтың салт-дәстүрі көрсетіліп, концерт қойылды.
Ян-Кис Худ, Нидерланд корольдігі ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғатты пайдалану министрлігінің бас хатшысы:
-Қазақстанға келуіміздің басты мақсаты – екі ел арасындағы байланысты нығайту. Бұл іссапардың маңызы зор. Себебі жастардың арасында агромәдениетті дамыту маңызды деп есептеймін. Болашақта Астанадағы университет пен Нидерландыдағы жоғары оқу орындары қолға алған бағдарламалардың арқасында студенттерді біріктіріп, экомәдени тәжірибені нығайта аламыз.