Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиада жүлдегері атанды

  • 113
  • 13.05.2025, 18:47

Ташкентте математика мен информатикадан халықаралық олимпиада өтті. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте жүлделі орыннан көрінді. Жерлестеріміз математикадан 4, информатикадан 2 алтын еншіледі. Күміс пен қола медальдары тағы бар.

Жалпы Қазақстаннан Ташкенттегі сайысқа 4 команда қатысты. Оның біреуі ұлттық құрама болса, үшеуі жеке мектептердің атынан шықты. Енді математикадан әлемдік дода шілде айында Австралияда басталады. 

Ибрагим Ибатулин, Қазақстан ұлттық олимпиада құрамасының жетекшісі:

- Жақсы нәтиже көрсеттік деп ойлаймын. Себебі сайысқа қатысушылардың деңгейі өскен. Бәсекелестік жоғары. Мәселен, былтыр математикадан ең жоғарғы көрсеткіш 42 болса, биыл 80-нен 68 ұпай жинағандар тіркелді. Көптеген елдерден оқушылар қосылды. Малайзия, Түркия, Әзербайжаннан келіпті. Оқушылар үшін бұл олимпиада жақсы тәжірибе болды.

Нұрислам Дүйсенғали, математикадан халықаралық олимпиада жүлдегері:

- Олимпиада өте қызық өтті. Мен математика пәнінен жеңдім. Есептер өте қызық болды. Бұрын мұндай тапсырманы шешіп көрмеппін. Мен үшін бұл алғашқы халықаралық олимпиада және мен орын алып тұрмын.