Ұстаздарды ЖИ қағазбастылықтан құтқарады

  • 12
  • 12.09.2025, 19:47

Оқытушыларды қағазбастылықтан артылу үшін жасанды интеллектіні қолдану керек. Сонда оқу процессі де әлдеқайда тиімді өтеді. Бұл туралы Астанада өткен EduContinuum халықаралық конференциясында халықаралық сарапшылар мәлімдеді. Жиналғандар жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізу мәселесін жан-жақты талқылады. Бүгінде қазақстандық педагогтер де нейрожеліні игеріп, біліктілігін арттырып келеді. Мәселен, жуырда 200 мыңнан астам педагог арнайы курстан өткен. Әсіресе Шымкент, Түркістан және Жамбыл облысының ұстаздары белсенділік танытты.

Том Киддл, Ұлыбританиядағы Norwich Institute for Language Education орталығының директоры:

- Жасанды интеллектіні біз көбіне академиялық адалдық тұрғысынан ғана қарастыратынымыз рас. Бірақ қазіргі жағдайда онсыз білім беру саласын жетілдіру мүмкін емес. Себебі ол ең алдымен, ұстаздардың қағазбастылығын азайтып, уақытын үнемдеуге көмектеседі. Ал білім алушылар үшін жаңа дағдыларды игеруге жол ашады. 

Айдана Шилибекова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

- Өрлеу мен ЮНЕСКО бірлесіп, арнайы ЖИ-ге бағытталған онлайн курс ұйымдастырды. Қазіргі таңда 3-4 аптада 200 мыңға жуық педагог бұл курстан өтіп шықты және де оның 140 мыңы тестілеу арқылы сертификат алды.