Мектептерде «Мен таңдаған жол» атты ашық сабақ өтті

  • 8
  • 07.04.2026, 21:44

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Осыған орай елдің барлық мектебінде «Мен таңдаған жол» атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті. Онда мыңдаған оқушы дұрыс тамақтанудан бастап, физикалық белсенділік пен толыққанды ұйқының пайдасы туралы ақпарат алды. Аталмыш іс-шараның бірі бүгін елордадағы нөмірі 103-мектепте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің қатысуымен ұйымдастырылды. Үкімет өкілі жеткіншектермен салауатты өмір салты туралы әңгімелесті. Артынша, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин оқушыларға жаттығу жасатып, спорттың денсаулыққа пайдасын жеткізді.  

Дмитрий Баландин, Олимпиада чемпионы:

- Мұндай ашық сабақтардың бір жақсысы балалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, алдыңғы буын өкілдерінен тұщымды жауап ала алады. Сондықтан қолдан келгенше пайдалы кеңес беріп, дұрыс жол сілтеуге тырысамыз.