Түркістандағы 36 мектепте «Ясауитану» пәні оқытылады

  • 71
  • 04.05.2026, 19:58

Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кеңінен насихаттау жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістанда былтырдан бері қолға алынды. Қазір қаладағы 36 мектепке «Ясауитану» қосымша пәні енгізілді. Оқушыларға Ясауидің өмірі мен өнегесі, шығармашылығы мен хикметтері кеңінен оқытылады. Бұл ұлы ғұламаның мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттауға бағытталған.

Жалпы мектеп бағдарламасына енгізілетін «Ясауитану» пәні оқулығын Ясауитану ғылыми орталығының ғалымдары әзірлеп жатыр. Оқу-әдістемелік құралы ғылыми редакциялау мен құрылымдық жетілдіру сатысында.

Жақсыгүл Сүлейменова, №14 Қазыбек би атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры:

Осымен екі рет «Ақылман» және «Ясауи әлемі» атты байқау өткізілді. Квест сұрақтары, куиз ойындары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде балалар білімдерін шыңдауда. Сонымен қатар аптасына бір рет «1 сынып 1 хикмет» деп Ясауи хикметтерін жаттау байқауы да жүргізілуде.