Петропавлда Халықаралық балаларды қорғау күні «Бір аспан, бір әлем» атты облыстық байқау өтті. Түрлі ұшу аппаратын жасаған 25 оқушы өзара бақ сынады. Жас инженерлердің авторлық жобасы жұрт назарына ұсынылды.
Қатысушылар авиация тарихын, механиканы және ұшу аппараттарын алдын ала зерттеген. «Мұндай іс-шаралар өнертапқыштардың болашақта инженер-конструктор мамандығын таңдауына ықпал етеді», - дейді ұйымдастырушылар. Балалардың еңбегі қиялының еркіндігі, дизайн ерекшелігі мен сапасы бойынша бағаланды.
Ерен Хасан, оқушы:
- Мен «Планер» және «Змеян» істеп екі бірінші орын алдым. Маған барлығы ұнады. Барлық проектер жақсы болды. Бірақ менікі күштірек болды.