Қазақстанда бірыңғай оқырман билеті енгізіледі

  • 7
  • 11.06.2026, 19:56

Ол арқылы Қазақстанның барлық кітапханасына кіруге болады. Сондай-ақ электронды оқырман билеті кітаптарды онлайн брондауға, мерзімін ұзартуға және цифрлық қорларға қашықтықтан қол жеткізуге мүмкіндік бермек. Бұл туралы Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын талқылауға арналған жиында мәлім болды. Жарлықты іске асыру үшін 9 бағыт 50 тармағы бар кешенді жоспар әзірленген. Сонымен қатар Президенттің кітапхана және кітап басып шығару ісі заңын қабылдау тапсырмасына орай жұмыс тобы құрылып, Конституциялық құжат пен заң жобасы дайындалды.  

Алмаз Мырзахмет, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі кітап ісі басқармасының басшысы:

- Бірыңғай кітапханалардың платформасын құру мәселесі айқындалуда. Бізде академиялық кітапхана жанында Ұлттық электронды кітапхана бар. Осы порталды дамытып, үлкен порталға айналдырамыз. Және бірыңғай каталог, бірыңғай оқырман билеті, билинг жүйесі сияқты дүниелер осының ішінде қамтылатын болады. Бұдан бөлек Жарлықта көрсетілген 10 оқырман жүйесі іске асыырлуда. Қазір ережелері бекітілуге Үкіметке жолданды.