Алматыда колониядағы жасөспірімдер аттестат алды

  • 9
  • 17.06.2026, 19:48

Алматыда балалар колониясында жазасын өтеп жүрген жасөспірімдер аттестат алды. Мекеме жанындағы нөмірі 32-ші мектептің 30 тәрбиеленушісіне орта білімді меңгергені туралы куәлік салтанатты түрде табысталды. Аяғын шалыс басып, қылмысқа барған жастардың бірі 4 жылға, енді бірі 15 жылға бас бостандығынан айырылған.

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің айтуынша, барлық бала білім алуға құқылы. Мұнда мектеп бағдарламасы толық оқытылды.

Шынар Құсайынова, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бас маманы:

- Бұл аттестат алған сотталғандар ертең босатылғаннан соң басқа жоғары оқу орындарына түсе алады. Бұл аттестаттарда колонияда оқыды деген сөздер айтылмаған. Бұл мектеп қалалық №32 мектепке қарағандықтан, сол мектептің түлектері болып саналады.

№11 мекемеде «Ашық есік күні» де өтті. Соған орай елдің әр өңірінен сотталушылардың ата-аналары мен жақындары жиналды.