Алматыдағы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына жаңа ғимарат салынады. Құрылысы осы күзде басталады деп жоспарланған. Балалар уақытша басқа білім ошағында оқиды. Жаңа музыка мектебі 600 орындық.
Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің іргетасы 1964 жылы қаланған. Білім ошағы көрнекті композитор Ахмет Жұбановтың бастамасымен ашылған. Мақсат ауылдық жерлердегі таланттарды тарту болған. Содан бері өнер ордасы еліміздегі кәсіби музыканттарды даярлауға үлес қосып келеді. Бастапқы кезде 250 оқушыға лайықталған. Қазір 500-ге жуық дарынды бала білім алып жатыр. Кабинет жетпейді. Оқу үрдісі мен музыка сабағы қатар жүргендіктен бір-біріне кедергі келтіреді. Яғни ғимарттары мен оқу бөлмелері, жатақханасы талапқа сай келмейді. Ал жаңа мектеп жоба бойынша 600 орындық.
Данияр Байжұманов, А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінің директоры:
-Класстар болады заманауи тұрғыдағы, үлкен концерттік бес жүз адамға арналған концерттік залдар болады. Сонымен қатар біздегі үрмелі аспаптар, халық аспаптары жаңағы скрипка виолончель ішекті аспаптар бөлімдері бар соларға әрқайсысына камералық залдар болады. Бір класста ұстазы мен бала ғана жеке дайындалады.
Жаңа оқу кешені заманауи талапқа сәйкес жобаланған. Барлық кабинеттер соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Музыкалық пәндерді оқытуға арналған 200-ге тарта арнайы оқу кабинеті қарастырылған. Оған қоса 450 орындық үлкен концерт залының құрылысы көзделген. Мәжіліс залы 250 орындық. Ноталық және ғылыми көркем әдебиеттер деп аталатын екі кітапхана жұмыс істейді. Дыбыс жазу студиясы ашылады. Сонымен қатар 300 орындық интернат салынады.
Толқын Забирова, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
-Мен осы мектептің қабырғасында он бір жыл жатып оқып дәріс алып үлкен өнер жолына жолдама алдым. Мына залда біреу қобызды ойнаса, ана жерде біреу фортепиано ойнап біреу прима қобызды тартып бірінің үстіне бірі музыка жағаласып кей кезде өзің шатасып кетесің не ойнап отырғаныңды. Ал енді қазір жаңа тұрғыда салынатын болса, оның звукоизоляция дейді оның бүкіл енді өзінің бір техникалық жағынан жасалынатын жаңалықтарды енгізетін болса балаларға үлкен мүмкіндік.
Қазір Ахмет Жұбанов атындағы мектепті бітірген түлектер өз елімізде ғана емес, әлемнің әр түкпірінде қазақ мәдениетін, музыкасын танытып жүр.
Ақтоты Райымқұлова, Бейбіт Дәлденбаев, Мақпал Жүнісова, Асылбек Еңсепов сияқты өнер жұлдыздары осы мектепте оқыған.
Төрехан Кәрібаев, оқытушы:
-Теміржан Ержанов пианист бүкіл жаңағы халықаралық конкурстардың лауреаты. Қазір сол жақта Америкада солист болып және профессор болып сабақ береді. Хадиша Оңалбаева ол да ол жақта профессор фортепиано пәнінен сабақ береді Америкада Москва қаласында бізде көптеген жаңағы шәкірттеріміз оркестрде істейді Юрий Башметтің оркестрінде.
Жаңа мектеп шығармашылық әрі білім беру орталығы болады. Кәсіби музыкалық білім береді. Жас дарындарды тәрбиелейді. Ұлттық мәдениетті халықаралық деңгейде насихаттауға қызмет етеді. Жанынан осы мектептің көпжылдық тарихы мен дәстүрін насихаттайтын музей ашылады. Онда Ахмет Жұбановтың мұрасы, білім ошағының көрнекті ұстаздары мен түлектеріне қатысты тарихи материалдар мен құнды экспонаттар жинақталады.
Қарлығаш Қайыпбекова, Эдуард Кон