Теміртаулық жастар ЖИ технологиясын меңгерді

  • 5
  • 11.08.2026, 19:44

Теміртауда жастар жасанды интеллект арқылы видеоконтент жасауды үйреніп жатыр. Цифрландыру жылы аясында мұнда шеберлік сабағы өтті. Қатысушыларға заманауи технологиялардың көмегімен әлеуметтік желіге арналған бейнеролик дайындаудың қыр-сыры көрсетілді.

Тегін дәріске белсенді жастармен қатар «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері де қатысты. Тамыз айында бұл бағдарлама бойынша 352 адам жұмысқа орналасса, тағы 15 қатысушы инклюзивті топта еңбек етуде. Олар үшін психологиялық тренингтер, шеберлік сабақтары мен экологиялық акциялар ұйымдастырылып жатыр. 

Ақерке Ли, Теміртау қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры:

- Мұндай шеберлік сабақтарына қызығушылық танытатын жастардың қатары өте көп. Сондықтан біз ең болмағанда, осы бағыттың негіздерін үйренсін деген мақсатпен осындай тегін алаң ашуды ұйғардық.