Хабар телеарнасы

Алматыда атом электрстанциялары үшін мамандар дайындалады

Студенттерді іріктеу өте қатаң болды. Олар бірінші қазаннан бастап оқуға кіріседі.   

Ұлттық ядролық зерттеу университетінің 80 жылдық тарихы бар. Ғылым ордасына «Росатом» корпорациясы қолдау көрсетіп келеді. Университет атом өнеркәсібі үшін де мамандар дайындайды. Қазақстандық студенттер сабақты бірінші қазаннан бастайды.

Владимир Шевченко, МИФИ ҰЯЗУ ректоры:
-Университеттің филиалы ашылып жұмысын бастағанға дейін дайындық кезеңінің барлығында қолдау жақсы болды. Осы сәтті пайдаланып ұлттық университет ректоры Жансейіт Түймебаевқа, министр Саясат Нұрбекке алғысымды білдіремін. 

Қазақстанда ашылған оқу орны ресейлік университеттің 16-филиалы. Мамандар ядролық технологиялардың дамуы ұлттық ғылымды жаңа биік белеске көтереді деп есептейді.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
-Президентіміздің тапсырмасымен 25-жылға дейін жетекші халықаралық университеттердің 5 филиалы ашылмақ. Атырау қаласында Ресей мұнай және газ университетінің филиалы ашылды. СҚО-да Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік өңірлік университетінің негізінде Аризона университетінің үлкен филиалы ашылды. Өте мықты бағдарлама.

МИФИ Ұлттық зерттеу ядролық университеті филиалының студенттері әуелі бакалавр және магистр бағдарламасы бойынша білім алады. Екеуі қолданбалы ғылыммен байланысты. Ол – «Қорғалған жоғарыөнімді есептеу жүйелері». Тағы бірі фундаменталды ғылымға жатады, «Қарапайым бөлшектердің физикасы және космофизика» деп аталады. Университет жетекшісінің айтуынша білім бағдарламаларының саны жыл сайын көбейіп, Қазақстан экономикасына қажетті білікті мамандарды дайындауға үлес қосады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Эдуард Кон