Отандық дәрігерлер сирек кездесетін жүрек ақауын емдеуде жаңа деңгейге шықты

  • 64
  • 13.08.2025, 18:37

Енді отандық дәрігерлер сәбилер мен балаларда сирек кездесетін жүрек ақауы Эбштейн аномалиясын емдеуге қауқарлы. Соңғы екі аптада отандық кардиохирургтер әлемдік деңгейдегі сарапшы, австралиялық профессор Игорь Константиновтан арнайы шеберлік дәрісін алды. Бұған дейін дәрігерлер жүрек қақпақшаларын емдеу кезінде жасанды импланттарды қолданса, енді науқастың өз тінінен жарғақшаларды қалпына келтіріп, жүрек қызметін табиғи жолмен жақсарта алады. Шеберлік сабағы аясында 15 балаға операция сәтті жасалған.

Ботагөз Пырмаш, науқастың анасы /Шымкент/:

-Бірінші рет ашық түрде жасалды. Екі рет жабық түрде жасалды. Бәрі сәтті өтті. Профессор мен дәрігерлердің арқасында. Қуаныштымыз. Енді апта соңында үйге шығуға болады деп жатыр. 

Амангелді Керімқұлов, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ балалар кардиохирургия орталығының директоры:

-Мастер классқа біз ұзақ дайындалдық. Ұзақ уақыт бізде келіссөздер жүргізілді. Енді болашақта енді өзіміз одан сайын дамытып, қолға аламыз. Қазақстан бойынша 5 мың ота жүрек ақаулары бойынша жасалынады. Біздің клиникада жаңа туғаннан бастап 18 жасқа дейінгілердің барлығына көмек көрсетіле береді.