Үржардағы жол апаты: жасөспірімдердің бірі жансақтау бөлімінен шықты

  • 13
  • 22.08.2025, 18:33

Үржардағы жол көлік оқиғасынан зардап шеккен жасөспірімдердің бірі ұл бала жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Ал қыз бала әлі де ақхалаттылардың қатаң қадағалауында болады. Айтайық, апаттан кейін олар Астанаға жедел жеткізілген еді. «Қазір науқастардың жағдайы қалыпты, біртіндеп жақсарып келеді. Қажетті көмек көрсетіліп жатыр»,– дейді медицина мамандары. Ал Абай облысында қалған жеткіншектің жағдайы ауыр. 

Естеріңізге салайық, екі күн бұрын Бестерек ауылында жеңіл көлікті тізгіндеген жүргізуші 6 баланы қағып кеткен еді. Өкінішке қарай 3 жасөспірім оқиға орнында жан тапсырды. 

Нұрсұлтан Құрбанбеков, «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК анестезиология-реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі:

-Қыз баланың жағдайы өте ауыр. Динамикада аздаған жақсарулар бар. Медикамендозды ұйқыда тыныс алу аппаратпен. Жоспар бойынша бүгін экскубация салынады. Гемодинамикасы біршама тұрақталды. Қазір жүректің препараттарынан кеттік.