Елде мәйіттік донор тапшы

  • 17
  • 10.09.2025, 20:03

Елде көз жұмғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге 10 мыңнан астам адам ғана келісім берген. Ал 120 мыңнан астамы eGov порталы арқылы бас тартқан. Бұл деректі Республикалық транспланттауды үйлестіру жөніндегі орталық келтірді.

Мамандардың айтуынша, мәйіттік донор тапшылығы әлі де өзекті. Қазір күту парағында 4,5 мыңға жуық азамат тұр. Олардың басым бөлігі бүйрекке мұқтаж. Мамандардың айтуынша, бір донордың ағзасы жеті адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Назгүл Жылгелдина, ҚР ДСМ Республикалық транспланттауды үйлестіру орталығы директорының орынбасары:

- Жылына бізде 23-34 қана трансплатациялар жүргізіледі. Яғни жылына 7-10 адам келісімін береді. Күту парақшасынан 200-300 адам өз ағзасын күте алмай, қайтыс болып кетіп жатады.