Үздік медицина қызметкерлері марапатталды

  • 7
  • 18.06.2026, 19:42

Медицина қызметкерлері күніне орай үздік мамандар мемлекеттік марапаттарға ие болды. Бұл ақхалатты абзал жандардың ел денсаулығын қорғау жолындағы еңбегіне берілген жоғары баға ретінде атап өтілді. Соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесін қолдау айтарлықтай күшейді. Салаға бөлінетін қаржы үш есе артып, 2025 жылы 3 триллион теңгеге жетті. 7 жыл ішінде 1 мың 300-дей медициналық нысан салынды, ал қызметкерлердің жалақысы 2,5 есе өсті. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарды әлеуметтік қолдау кеңейтілді. Салада цифрлық трансформация қарқынды жүріп жатыр. e-Densaulyq жүйесі аясында 23 ақпараттық платформа біріктіріліп, бірыңғай сандық кеңістік қалыптасты. Бұл дәрігерлердің әкімшілік жүктемесін азайтып, қызмет сапасын арттырды.

Салтанат Жабағиева, Түркістан облысы №1 облыстық перинаталдық орталығының басшысы:

- ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен, қолдауымен №1 периниталдық облыстық орталық мемлекет деңгейінде үздік периниталдық орталық беделді перзентхана номинациясына ұсынылған болатын. Бұл номинацияны қол жеткізу жүйелі жұмыстардың нәтижесі деп білемін. Осы саладағы жасалып жатқан министрліктің қолдауымен жасалынып, Түркістан облыстық әкімдігінің, денсаулық сақтау басқарманың қолдауымен атқарылып жатқан жұмыстардың жемісі деп білеміз. Осы салада сан жылдар бойы қызмет етіп жатқан дәрігерлеріміз, орта буын және мейірбеке барша мамандардың жемісі деп білеміз.

Алмат Байсалов, Түркістан қалалық балалар ауруханасының басшысы:

-Түркістан облысы бүкіл Қазақстан бойынша туу көрсеткіші бойынша бүкіл Қазақстанның өңірінен ең жоғары болып саналады. Сол біздің көрсеткіш балаларға көмек көрсету көрсеткіші, бұл соның деңгейін көрсетеді. Қазіргі таңда Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша балалар ауруханаларында реновация басталды, барлық жалпы медициналық қызметкерлерін осы күнмен шын жүректен құттықтаймын. Мынау ауыр жұмыстарына денсаулық, абырой тілеймін.