Қазақстанда жыл сайын 4,5 миллион бала профилактикалық медициналық тексеруден өтеді. Ауруды ерте анықтау және уақытында емдеуде мұндай жоспарлы тексеріс өте маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, осындай тексеру нәтижесінде көру қабілетінің нашарлауы, омыртқаның қисаюы мен эндокриндік жүйе аурулары алғаш рет анықталып жатады. Балалар арасында көп таралған дерттің бірі – темір тапшылығы.
Жанар Әубәкірова, медицина ғылымдарының кандидаты, Астана медицина университетінің профессоры:
-Не үшін біз баланы ай сайын шақырамыз? Бала қанша салмақ қосты? Егер ол салмақ қоспаса, оның да бір себебі болуы мүмкін. Оны да анықтаймыз. 1 жасқа дейін міндетті түрде келеді поликлиникаға. Скрининг деген ол ауруды емдеу емес, ауруды жіберіп алмау. Сондықтан да біз міндетті түрде баланы 18 жасқа дейін бақылаймыз.