Алматыда ауыр дертке шалдыққан балаларға арналған алғашқы паллиативтік көмек орталығы ашылды. Медициналық бөлімше нөмірі 2-ші Балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында жұмыс істейді. Мұнда созылмалы әрі толық емделмейтін ауруы бар жеткіншектерге қажетті медициналық және психологиялық қолдау жасалады. Науқастардың жағдайына қарай симптомдық ем жүргізіп, кеңес береді. Балаларға педиатр, реаниматолог, онкогематолог, реабилитологтар көмек көрсетеді. Бөлімшеде ата-аналардың ұл-қыздарымен бірге болуына жағдай жасалып, палаталар үй бөлмесіне ұқсас жабдықталған. 18 жасқа дейінгі науқастарды қабылдау жақын күндері басталады.
Марат Қаптағаев, қалалық №2 балалар ауруханасы директорының орынбасары:
- Бұл жерде негізгі жұмыс істейтіндер сол реаниматолог дәрігерлер тәулігіне 24 сағат қарайды. Бұл жердің жақсы жері ата-анасы қасында болады, кез келген уақытта кіріп қасында болып тамағын бере алады.