Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін әзербайжандық «Сабах» Чемпиондар лигасында «Барселонадан» жеңілді. Бакуде өткен бесінші турдың кездесуі 1:4 есебімен аяқталды.
Стас Покатилов бірнеше қауіпті соққыны қайтарғанымен, командасын жеңілістен құтқара алмады. Ал «Парк де Пренс» стадионында «Рома» 1 ұпай еншілеп қайтса, «Лилльге» қонаққа барған «Бавария» 2:1 есебімен ұтылып қалды. Сондай-ақ «Славия Прага» – «Вильярреал» және «Интер» – «Штутгарт» арасында да кездесулер өткен болатын. Чемпиондар лигасының ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Түнде енді Еуропа лигасының екі матчы «Хабар» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Футбол жанкүйерлері «Сельта» – «Борнмут» және «Спарта Прага» – «АЗ Алкмаар» арасындағы матчтарды тамашалай алады.