Қызылордалықтарды қураған ағаштар алаңдатып отыр
Қызылордада былтыр салынған сквердегі ұзақ жылдан бері жайқалып тұрған ағаштар қурай бастаған. Басты себеп – арық жүйесі жоқ.
Облыс орталығында биыл тағы 4 саябақ жөнделеді. Құрылыс барасында жасыл желекке зиян тие ме, - деп алаңдайды табиғат жанашырлары.
Қызылорда қаласында 40-тан астам саябақ пен сквер бар. Қала тұрғындары саялы орындардың отбасымен демалу үшін ыңғайлы болғанын қалайды.
«Былтыр Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойына жаңадан сквер салынды. Бірақ ұзық уақыттан бері жайқалып тұрған ағаштар қурай бастаған. Өйткені арық жүйесі жасалмаған», - дейді Облыстық Қоғамдық Кеңестің мүшесі Болат Нұрқожаев.
Болат Нұрқожаев, Қоғамдық Кеңестің мүшесі:
- Қазір осы жердің талы астарындағы бетонмен қаптап тастады да, су жүйесі жоқ, арық жүйесі жоқ, осы талдар қурап, өліп жатыр. Бұл 10 жылдан бері шығып тұрған талдар. Оны өлтіру, абаттандырған кезде кесіп тастап, алып тастау оңай. Ал дәл осындай парк қылып, қайта шығару үшін 10-20 жыл уақыт кетеді.
Биыл қаладағы ең үлкен 4 саябақты қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл жобалардың жалпы құны 24 миллиард теңгеге бағаланған. Құрылыс барасында тұрғындардың барлық ұсынысы ескеріледі, - дейді мамандар.
Ғалымжан Еркебай, қала әкімінің орынбасары:
- Талдарды қалдырып, сосын сол талдарға су баратын жолдарын қарастырып жатырмыз. Қаламыздың барлық жеріне аяқсу апаруға жұмыс жасаймыз. Жаңа айтып өткен паркердің ішінде де аяқ су апарып, талдарды барынша тамшылатып, жаңбырлатып суару емес, тек аяқсу апаруға жұмыс жасап жатырмыз.
Мамандардың айтуынша, Тұңғыш Президент саябағы тек демалыс аймағы ғана емес, тұрғындардың спорттың бірнеше түрімен шұғылдануына мүмкіндек жасалын орын болады. Жасыл желекті сақтай отырып, заманауи атракциондар мен субұрқақтар, футбол, теннис, воркаут, стритбол алаңдары мен велосипед жолын салу жоспарланған.
Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев