Сенатта экожүйені сақтау мәселесі талқыланды

  • 309
  • 11.03.2025, 18:39

Қазақстанда 90 миллион гектардан астам жер эрозияға ұшыраған. Бұл ауыл шаруашылығы үшін басты мәселелердің бірі. Ал ұлан-ғайыр жеріміздің тек 5 пайызы орманды алқап.

Сенатта экожүйелерді ұтымды пайдалануға арналған Парламенттік комиссияның отырысы өтті. Сарапшылар елімізде орманның азайып бара жатқанына алаңдаулы. Ағаш отау мен орман өрті тыйылар емес. Жасыл желекті қалпына келтіруге тиісінше көңіл бөлінбейді. Бұл тұста Үкімет қалың орманды 2030 жылға қарай 14,5 миллион гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлаған. Ол үшін тұқым материалдарын дайындайтын 114 жаңа орман тәлімбағы құрылмақ. Сондай-ақ талқылауда орман ресурстары мен сирек кездесетін жануарлар популяциясын көбейту қажеттігі де айтылды. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:  

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүйелі жұмыстар іске асырылып жатыр. Соның аясында Сенат депутаттары орман шаруашылығы мен ерекше құрылғылардың табиғи аумақтарды топырақты қорғау саласын реттейтін заң жобаларына бастамашы болды. Сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар биоәртүрлілікті сақтау тұжырымдамасын әзірлеуде.