Шарын шатқалы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны өтті

  • 456
  • 18.04.2025, 19:39

Шарын шатқалы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны өтті. Нәтижесінде Ұлттық парк аумағынан 3 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды. Бұл аймақта жыл басынан бері «Тазалық – саулық негізі», «Айналаңды қоқысқа айналдырма», «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты іс-шаралар ұйымдастырылған. Табиғатты көгалдандыруға үлес қосу мақсатында Шонжы ауылындағы мектеп оқушылары мыңнан астам боз арша тұқымын арнайы құтыларға екті. Бұл көшеттер оқушылар білім алып жатқан мектептердің айналасы мен Шарын ұлттық паркінің аумағына отырғызылады.