Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағындағы су айдындарының сапасы тексерілді.
Мамандар кешенді мониторинг жүргізіп, судан сынамалар алды. «Мұндай іс-шаралар табиғи көлдердің қазіргі жағдайын бағалап, экожүйедегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді», - дейді жауаптылар. Бұған қоса тұмса табиғат аясында демалуға келетін туристер де үнемі алаңдаушылық білдіреді. Сондықтан су қоймаларының қауіпсіздігі қашан да маңызды..
Баянауылдың тау жоталары мен қарағайлы орманында орналасқан Сабындыкөл, Жасыбай және Торыайғыр секілді ірі тұщы көлдер мен ондаған су айдынынан алынған сынама нәтижесі келер апта белгілі болады.
Қанат Мұсапарбеков, облыстық экология департаментінің басшысы:
- Өткен жылдары жоғарғы нормативтен асқан көрсеткіштер болған жоқ. Бірақ биыл да біздің халықтың, жергілікті халықтың және демалушылардың ұсынысы бойынша биыл осы анықтамаларды алып жатырмыз.
Азамат Ақаев, Баянауыл ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары:
- Ұлттық парктің негізгі мақсаты – осы қоршаған ортаны, табиғи объектілер мен кешендерді сақтап қалу. Ал енді сол сақтап қалуды жақсы, жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін міндетті түрде бір материалдар қажет. Осы бүгін алынған сынамалардың ертеңгі нәтижесі бұдан кейін жұмысымызды жалғастыруға өте көмектеседі деп олаймын. Осы демалушыларға ешқандай да зиян келмеуі үшін бірінші кезекте табиғатқа зиян келмеуі үшін осы жұмыстардың нәтижесін асыға күтеміз.