Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығының өкілдері Осакаров ауданының мектеп оқушыларына экологиялық дәріс өткізді. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар өздері дайындаған «Қоқыс қалдықтарынан жасалған балалар өнері» жобасын таныстырды. Бұл мектепте қоқысты сұрыптау, кәдеге жарату бұрыннан жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Алуа Серікбай, Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 10-сынып оқушысы:
- Қоқыс қалдықтарынан әр түрлі бұйымдар жасап, біз сол бұйымдармен әртүрлі көрмелер өткіземіз. Және де бізде көптеген лекциялар, сынып сағаттары, осы «Таза Қазақстан» жобасы туралы да көптеген іс-шаралар өткізіледі.