Есіл өзенінің су деңгейі көтерілді

  • 10
  • 17.04.2026, 21:33

Петропавлда Есіл өзені көтеріліп, қауіпті межеден асты. Қазір судың деңгейі 941 сантиметрге жеткен. Қаладағы саяжай қауымдастықтарына қауіп төніп тұр. Сондықтан полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері күні-түні кезекшілік етіп, қауіпсіздік шараларын күшейтті. Облыс орталығындағы көктемгі тасқынның шарықтау шегі демалыс күндері болады деп болжанып отыр. Жалпы құтқарушылар 112 елді мекенді бақылауға алған. Қазір Сергеев су қоймасынан ағып жатқан судың биіктігі 64 сантиметрге жетті. Бұл былтырғыға қарағанда едәуір төмен. 

Наталия Левина, «Қазгидромет» РМК СҚОФ директорының орынбасары:

- Ақмола облысында тасқынның екінші толқыны басталды. Сол себепті Ғабит Мүсірепов, Шал ақын аудандарында судың көтерілуі байқалады. Сергеев су қоймасында да осындай жағдай.