Соңғы екі жылда Қазақстаннның су шаруашылығына 1,5 млрд доллар инвестиция тартылған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов хабарлады.
Өңірлік экологиялық саммит аясында өткен тақырыптық сессияда министрлік Халықаралық су ресурстарын басқару институтымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Келісім су ресурстары саласында бірлескен жобаларды іске асыруды, сондай-ақ зерттеу, мониторинг жүргізу және жерүсті, жерасты суларын, оның ішінде трансшекаралық су ресурстарын басқаруда тәжірибе алмасуды көздейді. Ведомство су ресурстарын тиімді пайдалудың кешенді іс-шараларын жалғастырмақ. Министрдің айтуынша, бұл бағытта халықаралық тәжірибеге ерекше мән беріледі.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
- Біздің министрлік тарапынан біз үш келісімшартқа қол қойдық. Ең бірінші Словакия мемлекетінің Премьер-мнистрінің орынбасарымен қойдық. Сол мемлекетте су қоймалардың қауіпсіздігіні қамтамасыз ету мәселесі жақсы қолға алынған. Одан бөлек, су тасқынын болжамдау мәселесі жөнінде біздің тиісті мекемелеріміз жұмыс істейді. Халықаралық су саласының проблематикасы жөнінде институтпен келісімшартқа қол қойдық. Біздің мақсатымыз – ғылыми негізде бар проблемаларды шешу және оны іске асыру.
Қазақстанда өткен алғашқы Өңірлік экологиялық саммит қорытындыланды. Ауқымы кең, бағыты бір, мақсат-мүддесі айқын мемлекеттерді тоғыстырған шара үш күнге созылды. Басқосудың соңғы күнінде Орталық Азия елдері экологиялық білім берудің біріңғай стандартын әзірлеу мен аймақтық ынтымақтастықты нығайту туралы ортақ келісімге келді.