Жеңіс мерекесі қарсаңында Шымкентте экологиялық акция өтті

  • 6
  • 08.05.2026, 19:57

Шымкентте Жеңіс күні қарсаңында ескерткіштер мен «Даңқ» мемориалының аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы абаттандырылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына мемлекеттік қызметшілер мен коммуналдық сала жұмысшылары қатысты. Олар генерал Сабыр Рахымовтың, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының және майдангер Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етіп, құрмет көрсетті. Батырлардың ескерткішін арнайы ерітіндімен жуылып, шаң-тозаңнан тазартты. Экологиялық іс-шарадан соң ардагерлердің өмір жолы мен ерен ерлігі туралы естеліктер айтылды. 

Ербол Байқоныс, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

- Даңқ мемориалында жазылған тақтайшаларды тазалап жатырмыз. Осы жердегі барлық талдардың түптерін әктеп жатырмыз. Бұл қазір қала аумағының алты жерінде өтіп жатыр. Бүгін 1500 адам қатысып жатыр. Бұл біздің «AMANAT» партиясының «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында жүргізіліп жатқан бірден бір іс-шарамыз. Әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.