Семейде халықаралық экология көрмесі өтіп жатыр

  • 48
  • 02.07.2026, 19:55

Онда Оңтүстік Корея мен Қазақстан суретшілерінің орман өрті мен табиғатты қалпына келтіру тақырыбына арналған туындылары қойылған. Ерекшелігі – өнер туындылары өртенген орман ағашының күлімен боялған. Осылайша жоба авторлары табиғи апаттың салдарын көрсетіп, қоғам назарын экология мәселелеріне аударуды көздеп отыр. Әр туынды адам мен табиғаттың өзара байланысын бейнелейді.

Чон Чан-И, жоба авторы:

- Біздің мақсатымыз – болашақ ұрпаққа таза әрі қолайлы қоршаған ортаны аманат ету. Өзімізден кейін қандай табиғат қалдыратынымыз маңызды. 2023 жылы Кореяда да ірі орман өрттері болды. Осыдан кейін елде мұндай апаттардың алдын алу, климаттың өзгеруі және өрттен зардап шеккен ағаштарды қайта пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөліне бастады.