Хабар телеарнасы

Аралды құтқару қоры басқармасының бірінші отырысы өтті

Қазақстанның төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының бірінші отырысы өтті.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Аралды құтқару бойынша 35 жоба іске асырылмақ. Одан бөлек, теңіз жағасындағы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеу мәселесі қаралды. Экологиялық ахуалды қалай реттеуге болады? Су сапасын қайткенде арттырамыз деген сауалға ұсыныстар қаралды.

Бұл мәселелерді шешуге халықаралық қаржы институттары атсалысып жатыр. Оның ішінде Дүниежүзілік Банктың үлесі басым. Мәселен, бірінші кезең үшін грант түрінде 1,5 млн доллар бөлген.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Қазір екінші кезеңнің құжаттары аяқталуда. Жылдың соңында аяқтаймыз деп отырмыз. Келесі жылы екінші этапқа атсалысып, кірісуіміз керек. Былтырғы жылы 2 млрд-тан асатын су құйылды. Биылғы жылы 2 млрд-тан астам су береміз деп отырмыз. Бүгінгі күні судың деңгейі Кіші Аралда осыдан екі жыл бұрын 18 млрд текше метр болса, бүгінгі күні 22 млрд текше метрге жеткіздік.