Ақша-кредит саясаты шеңберінде операциялар жүргізу уақыты шектелді

2020 жылғы 30 наурыздан бастап 3 сәуірге дейінгі кезеңде ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберіндегі операциялар Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13:00-ге дейін жүргізіледі. Шектеу тұрақты қолжетімді операцияларға, оның ішінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ-та жүргізілетін валюталық своп құралдарына және РЕПО-ға, Ұлттық банктің депозиттерді тартуына және қолма-қол шетел валютасымен операцияларға қатысты болады. Ашық нарық операциялары, оның ішінде қысқамерзімді ноттарды орналастыру және депозиттік аукцион әдеттегі режимде жүзеге асырылатын болады.