Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

  • 2327
  • 17.06.2021, 19:17

Нұрсұлтан Назарбаев қаржы орталығының қызметімен, соның ішінде елге ауқымды шетелдік капитал тарту, адами әлеует пен креативті экономиканы дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты.

Қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2025 жылғы дейінгі даму стратегиясының іске асырылу нәтижелері, сондай-ақ алдағы орындалу жоспары туралы баяндады. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы және ұлттық экономиканы дамытудағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының маңызды рөлін атап өтті.